Еңбек күні
29 сәуір — мектебімізде “Еңбек күні” салтанатты түрде атап өтілді. Бұл күн — еңбектің қадірі мен шеберліктің мәні тоғысқан ерекше мереке болды. Жыл бойы еңбек пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен атқарылған жұмыстардың нәтижесі көпшілікке ұсынылып, оқушылар өз қолдарымен жасаған туындыларын мақтанышпен таныстырды. Мерекелік шеру барысында әрбір еңбектің артында жатқан төзім мен талпыныс айқын сезілді. Мектебімізде оқушылар ағаш өңдеу, тігін ісі, аяқ киім жасау, қағаз түптеу және флористика