Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 арнайы мектеп-интернат»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 229-13-09
Есепші бөлімі:
+7 (727) 300-66-05
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Балаларды қорғау күніне орай мектебімізде көңілді спорттық ойындар
01
маусым
2026

Балаларды қорғау күніне орай мектебімізде көңілді спорттық ойындар

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай мектебімізде көңілді спорттық ойындар мен эстафеталар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру және көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Балалар әртүрлі жарыстарға белсенді қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті. Командалық ойындар барысында достық пен ұйымшылдықтың үлгісін танытты. Спорттық мереке қызықты әрі әсерлі өтіп, қатысушыларға қуаныш пен жарқын эмоциялар сыйлады. Барлық балаларды мерекемен құттықтай отырып, дендеріне саулық, оқуда табыс, бақытты балалық шақ және жарқын болашақ тілейміз!


https://www.instagram.com/reel/DZEteocMt_X/?utm_source=ig_web_copy_link