12
ақпан
2026
«Волейбол» ойынында
2026 жылы 12 ақпан күні, Алматы қаласында қалалық инклюзивті ойындар ұйымдастырылды. Бұл ауқымды спорттық шара жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, достық пен өзара қолдауды нығайтуды мақсат етті.
Аталған жарыс аясында бүгінгі қатысушылар «Волейбол» ойынында бақ сынады. Алаң үстінде серпінді қимыл, дәл соққы, ұйымшыл әрекет пен жігерлі рух айқын көрініс тапты. Әрбір ойын сәті тартысқа толы болып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Жарысқа мектебіміздің оқушылары да белсенді қатысып, өздерінің спорттық шеберлігі мен табандылығын көрсетті. Олар командалық бірліктің үлгісін танытып, ұйымшылдық пен жауапкершілікті алдыңғы орынға қойды. Әр кездесуде бар күш-жігерін салып, қарсыластарымен лайықты деңгейде сайысқа түсті.
Әрине, спорт додасында жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. «Бірде бақ, бірде бап шабады» демекші, нәтиже қандай болса да, оқушыларымыз жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетті. Бұл жарыс олардың тәжірибесін арттырып, спорттық шыңдалуына тағы бір мүмкіндік болды.
Біз өз кезегімізде жас спортшыларымызға тек алға ұмтылуды тілейміз. Жеңіспен оралса да, жеңіліспен келсе де, олар —біздің мақтанышымыз, мектеп намысын қорғап жүрген белсенді, спортқа жаны жақын болашақ чемпиондарымыз!!!
https://www.instagram.com/reel/DUqLAeBDO2D/?utm_source=ig_web_copy_link