25
мамыр
2026
Түлектерге ақ жол
25.05.2026 жылы №7 арнайы мектеп-интернаты мектеп бітіруші түлектермен қоштасу кеші өтті. Кеш барысында түлектерге жүрекжарды тілектер айтылып, мектеп қабырғасында өткен қызықты сәттер еске алынды.Іс-шараға ата-аналар қатысып, түлектерге ақ тілектерін арнап, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар оқушылар ән айтып, би билеп, кештің көркін қыздырды. Түлектер ұстаздарына алғыстарын білдіріп, әсерлі сәттер көп болды.
Мектеп ұжымы түлектерге ақ жол тілеп, алдағы өмірлеріне сәттілік, биік белестер мен жарқын болашақ тілейді, әрбір түлек өз арманына жетіп, ел мақтанышына айналсын! Қадамдарыңа сәттілік, жолдарың ашық болсын, жас түлектер!
https://www.instagram.com/reel/DYxY-ZFsNxX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==