Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 арнайы мектеп-интернат»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 229-13-09
Есепші бөлімі:
+7 (727) 300-66-05
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кәсіби бағдар беру аясында «Алматы техника және флористика» колледжінде ұйымдастырылған Ашық есік күні
20
ақпан
2026

Кәсіби бағдар беру аясында «Алматы техника және флористика» колледжінде ұйымдастырылған Ашық есік күні

Мектебіміздің биылғы 10-сынып бітіруші түлектері кәсіби бағдар беру аясында «Алматы техника және флористика» колледжінде ұйымдастырылған Ашық есік күніне қатысып қайтты. Бұл күн — болашаққа бастар жолды айқындауға бағытталған маңызды әрі тағылымды кездесу болды.

Колледж қабырғасында оқушылар мамандық әлемінің қыр-сырымен танысып, оқу үдерісі жайлы толық мағлұмат алды. Шеберлік пен шығармашылық ұштасқан оқу ордасының тыныс-тіршілігін өз көздерімен көріп, түрлі мамандықтардың ерекшеліктеріне қанықты. Іс-шараға ата-аналар да қатысып, колледж мамандарымен еркін сұхбат құрып, білім беру мүмкіндіктері мен оқу жүйесі туралы кеңінен ақпарат алды.

Әсіресе жүрекке жылылық сыйлаған сәт — осы колледжде білім алып жүрген, мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан бұрынғы шәкірттерімізбен жүздесу болды. Студенттік өмірге қадам басқан олардың жарқын жүзін көріп, жетістіктеріне куә болу бізге ерекше қуаныш пен мақтаныш сезімін сыйлады.

Осындай тағылымы мол кездесулер жас ұрпақтың болашақ мамандығын саналы таңдауға бағыт беріп, арманға апарар алғашқы қадамдарын нықтай түсетіні сөзсіз.

 https://www.instagram.com/reel/DU-SHvGjIEe/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==