13
қаңтар
2026
Samal Water
2026 жылғы 13 қаңтарда мектебіміздің 8 «Б» және 8 «В» сынып оқушылары мұғалімдері мен тәрбиешілерінің жетекшілігімен “Samal Water” зауытына кәсіптік бағдар беру бағытында экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушылар зауыттың өндірістік қызметімен, ауыз суды дайындау және өңдеу үдерістерінің кезеңдерімен, сондай-ақ кәсіпорында жұмыс істейтін түрлі мамандық иелерінің қызметімен жан-жақты танысты. Ауыз судың тұтынушыға ұсынылғанға дейін бірнеше тазалау сатысынан өтетіні нақты көрсетіліп, түсіндірілді.
Сонымен қатар зертханалық зерттеулердің жүргізілу тәртібі таныстырылып, судың физикалық қасиеттеріне қатысты танымдық ақпарат берілді. Атап айтқанда, судың сыртқы әсерлерге реакция беру ерекшеліктері жөнінде мәлімет ұсынылып, бейнематериал көрсетілді.
Аталған экскурсия оқушылар үшін тек кәсіптік бағдар беру тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар білімдік және танымдық маңызы зор іс-шара болды. Бұл өз кезегінде оқушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауына бағыт-бағдар беріп, дүниетанымын кеңейтуге ықпал етті.
Осындай мазмұнды әрі танымдық экскурсияны ұйымдастырып, оқушыларға өндіріс саласымен жақыннан танысуға мүмкіндік жасағаны үшін “Samal Water” зауытының ұжымына алғыс білдіреміз.
https://www.instagram.com/reel/DTc8zCBDMQm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==