06
мамыр
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты мерекелік іс-шара
№7 арнайы мектеп-интернатында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Шараға мектеп оқушылары белсенді қатысып, 8 “В” сынып оқушыларының ата-әжелері арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатарынан орын алды.
Искалиев Марсельдің атасы — экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Искалиев Менлеш Досмұхамедұлы, ал әжесі — қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының ардагері Жалғасова Раиса Жалғасқызы.
Сондай-ақ, Аскарұлы Теміралидің атасы — Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, білім беру ісінің үздігі Құрманбек Байқуатұлы да құрметті қонақтар қатарында болды.
Мерекелік шара оқушыларға ерекше әсер қалдырып, олардың отансүйгіштік рухын арттырып, үлкен тәрбие мектебіне айналды.
https://www.instagram.com/reel/DJbnDGbibw_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==