29
сәуір
2026
Еңбек күні
29 сәуір — мектебімізде “Еңбек күні” салтанатты түрде атап өтілді. Бұл күн — еңбектің қадірі мен шеберліктің мәні тоғысқан ерекше мереке болды. Жыл бойы еңбек пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен атқарылған жұмыстардың нәтижесі көпшілікке ұсынылып, оқушылар өз қолдарымен жасаған туындыларын мақтанышпен таныстырды. Мерекелік шеру барысында әрбір еңбектің артында жатқан төзім мен талпыныс айқын сезілді.
Мектебімізде оқушылар ағаш өңдеу, тігін ісі, аяқ киім жасау, қағаз түптеу және флористика бағыттары бойынша кәсіптік білім алып, қолөнер арқылы өз қабілеттерін шыңдап, болашаққа сенімді қадам жасауда.
Осындай тағылымды іс-шаралар оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың мамандық таңдауына бағыт-бағдар береді.
https://www.instagram.com/reel/DXuIIgIjBCJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==