«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы
Көктемнің шуақты күнімен бірге жаңару мен тазалықтың лебі сезілетін шақта, Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы ел жүрегіне ерекше серпін сыйлайды. Бұл игі бастама – табиғатқа деген жанашырлықты оятып, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаларын әрбір азаматтың санасына сіңіруді мақсат етеді. Осы игі істің жалғасы ретінде 2026 жылғы 25 сәуір күні таңғы сағат 09:00-де Алматы қаласының барлық аумағында жалпықалалық сенбілік