Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 арнайы мектеп-интернат»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 229-13-09
Есепші бөлімі:
+7 (727) 300-66-05
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жасыл мектеп" жобасынан  алғыс хаттар
04
наурыз
2022
"Жасыл мектеп" жобасынан алғыс хаттар
Мектебіміздің мұғалімдері Ш.Н.Тұрғынбаева, Л.С.Миронова, М.Т.Ержанова, Ж.Т.Ермекова, М.Т.Кулатаев «Жасыл мектеп» жобасын жүзеге асыру барысында белсенділік танынқандары үшін Болат Өтемұратов қорының алғыс хаттарымен марапатталды. Марапаттарыңыз құтты болсын! Еңбектеріңіз жемісті болсын!
Жасыл мектеп
25
ақпан
2022
Жасыл мектеп
Мектеп-интернат ұжымы «Жасыл мектеп» жобасы бойынша, жұмыстың барлық кезеңдеріне белсенді қатысқаны үшін Болат Өтемұратов қорының, Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдық қорының алғыс хаттарымен марапатталды. Мектеп жылыжайының жауапты маманы Ш.Н.Тұрғынбаева «Жылыжайда көкөніс өсіру негіздері» тақырыбындағы семинар-тренингтерге белсенді қатысқаны үшін, Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдық қорының алғыс хатымен марапатталды. Коллектив школы-интерната награжден благодарственными
Алматы қаласының тарихы мұражайы
23
ақпан
2022
Алматы қаласының тарихы мұражайы
Ақпан айының 23 жұлдызында мектебіміздің 9-сынып оқушылары «Алматы қаласының тарихы мұражайына» саяхат жасады. Балалар мұражайдан көптеген ақпараттар алып, Алматы қаласының тарихына шолу жасап, жақсы әсермен оралды. «Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады»- деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, тағылымы мол өткен күндерден мағұлмат беретін мәдени орта ол мұражай екендігі анық.
Ғажайып ормандағы аңдар
25
қаңтар
2022
Ғажайып ормандағы аңдар
Мектебіміздің мұғалімдері: С.Т.Қасымбеков, М.Т.Кулатаев, Л.М.Кетік, М.Н.Баймурзаев, А.Ж.Байдильдаева, Б.Т.Молжигитова, Ж.Г.Джанакова, Г.Ж.Мырзахметова «Ғажайып ормандағы аңдар» қалалық табиғи материалдан жасалған қолөнер бұйымдарының шығармашылық байқауына жүлдегерлерді дайындағаны үшін марапатталды. Преподаватели нашей школы: Касымбеков С.Т., Кулатаев М.Т., Кетик Л.М., Баймурзаев М.Н., Байдильдаева А.Ж., Молжигитова Б.Т., Джанакова Ж.Г., Мырзахметова Г.Ж. были награждены за подготовку призеров
Жаңа жыл. Новый год.
24
желтоқсан
2021
Жаңа жыл. Новый год.
Жаңа жыл әрбір баланың асыға күтетін ең сүйікті әрі таңғажайып мерекесі. Осы мереке қарсаңында 24.12.2021ж. мектеп оқушыларын келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жаңа жылдық шырша сыйлықтары тарту етілді. Оқушылардың құшақтары сыйлыққа толып, мәз-мейрам болды. Шара соңында көңіл-күйлері шаттыққа толы балалар мен ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Жаңа жыл әр жанұяға бақыт, қуаныш, жақсылық әкелсін! Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын! Новый год - самый
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл.
15
желтоқсан
2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын! Мектеп басшысы Күмісхан Асанбайқызы Тоқсанбаева, осынау салтанатты күнге орай, атқарған қоғамдық қызметі үшін «NurOtan» партиясы Бостандық аудандық филиалының алғыс хатымен марапатталды. Еңбегіңізге табыс, деніңізге саулық, отбасыңызға құт-береке тілейміз!
Білім және ғылым министрінің алғыс хаты
14
желтоқсан
2021
Білім және ғылым министрінің алғыс хаты
ҚР Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешулеріңізге тілектеспіз! Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін, мектебіміздің мұғалімі М.А.Уразалиева Білім және ғылым министрінің алғыс хатымен марапатталды! Сізге зор-денсаулық, мақсат жолдарынызда сәттілік, туған-жақындарыныздың жылулығын тілейміз!
Ел Тәуелсіздінің 30 жылдығы құтты болсын!
14
желтоқсан
2021
Ел Тәуелсіздінің 30 жылдығы құтты болсын!
Тәуелсіздік — бұл бостандық, күш, молшылық және рухани байлық. Ел Тәуелсіздінің 30 жылдығы құтты болсын! Айтулы мереке қарсаңында мектебіміздің мұғалімдері: Т.В.Бобко, У.Д.Надырбаева, А.А.Нурлыбаева, Л.А.Солтанович, Р.Ж.Умирзакова Бостандық ауданының Білім бөлімінің құрмет грамоталарымен марапатталды. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт, игілік және алдағы жұмыстарыңызға тек шығармашылық табыс пен жаңа жобалар мен идеялардың жүзеге асырылуын тілейміз!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сурет байқауы
08
желтоқсан
2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сурет
07.12.2021 ж. 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектеп-интернатымыздың оқушылары арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Сурет байқауын ұйымдастырудың негізгі мақсаты - ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! 07.12.2021г. К дню 30-летия Независимости Республики Казахстан был
Жылыжайының алғашқы өнімі. Первый урожай нашей теплицы.
02
желтоқсан
2021
Жылыжайының алғашқы өнімі. Первый урожай нашей теплицы.
02.12.2021 ж. мектебіміздің жылыжайының алғашқы өнімі жиналды. Мектеп жылыжайында толыққанды өсімдіктердің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасалған, мұнда өсімдіктер ауа-райының қолайсыздығынан ғана емес, жәндіктер мен құстардан да қорғалған. Сонымен қатар, бұл оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыруға жақсы негіз болып табылады. Мектеп оқушылары өсіру процесін бақылап қана қоймай, мамандардың басшылығымен өздері де қатысады. 02.12.2021 г. был собран первый урожай нашей школьной теплицы.