Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 арнайы мектеп-интернат»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 229-13-09
Есепші бөлімі:
+7 (727) 300-66-05
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту үдерісінде денсаулық сақтау технологияларын қолдану» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар
26
қараша
2025

«Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту үдерісінде денсаулық сақтау технологияларын қолдану» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар

«Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту үдерісінде денсаулық сақтау технологияларын қолдану» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті.
Семинарға Алматы қаласындағы арнайы білім беру ұйымдарының директорлары, орынбасарлары, мұғалім - дефектологтар, логопедтер, тәрбиешілер мен педагог-психологтар қатысты. Барлығы 70 - тен астам маман тәжірибе алмасып, өз жұмысындағы тиімді әдістерді ортаға салды.
Практикалық бөлімде педагогтар ашық сабақтар, жеке логопедиялық жұмыстар, психологтардың тренингтері мен денсаулық сақтау технологияларын қолдану үлгілерін көрсетті. Қатысушылар математика, оқу және тіл дамыту, айналадағы әлем, музыка, спорт, табиғаттану, еңбек және кәсіби оқыту сабақтарының әртүрлі формаларын тамашалады.
Теориялық бөлімде құттықтау сөздер, директорлар мен мұғалімдер өз пікірлерін айтып, сондай-ақ Қазақстанның Еңбек Ері, №4 арнайы мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі Нұрпейсова Гүлжанар Молдакерімқызының баяндамасы тыңдалды. Педагог - дефектологтар нейропсихология мен сенсорлық интеграция бойынша өзекті баяндамалар ұсынып, кейін психологтар практикалық тренинг жүргізді.
Бағдарлама балалардың шығармашылығымен және семинар қорытындысымен аяқталды.
Әдістемелік семинар жоғары деңгейде өтіп, арнайы білім беру саласындағы кәсіби ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды.
Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!

https://www.instagram.com/reel/DRhivYxjDF-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==