Мектебімізде оқушылардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру
Мектеп өмірінен бір сәт Бүгін сіздердің назарларыңызға оқушылардың жылыжайда атқарған еңбектерін ұсынамыз. Сабақтан тыс уақытта оқушылар жаңа өскіндерге күтім жасап, топырағын қопсыту, өсімдіктерді баптау жұмыстарын үлкен жауапкершілікпен орындады. Бұл жұмыс олардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттырып, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Кружок жетекшісі: Ерманова Ж.