Мектебімізде оқушылардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру
Мектебімізде оқушылардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру мақсатында спорттық кружоктар жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. Кружок барысында оқушылар түрлі спорттық бағыттармен айналысып, өз қабілеттерін шыңдап, командалық рух пен салауатты өмір салтына деген қызығушылықтарын арттыруда. Спорттық кружок келесі бағыттарды қамтиды: – үстел теннисі – волейбол – баскетбол – пионербол – бес асық – қысқа футбол Аталған кружоктарды тәжірибелі мұғалімдер жүргізеді: Имаш А. Усенбаев Т.Е. Мақсым Е.М.