16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Еліміздің егемендігі мен еркіндігін ұлықтауға арналған бұл күні ұстаздар мен оқушылардың жетістіктері ерекше аталып өтті. Іс-шара барысында білім мен тәрбие саласында табандылық танытып, түрлі жетістіктерге қол жеткізген мұғалімдер мен оқушылар марапатталып, алғыс хаттар мен медальдар табысталды. Сонымен қатар, оқушылар өздерінің өнерлерін ортаға салып, ән шырқап, би билеп, көркем