15
желтоқсан
2025
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде салтанатты мерекелік іс-шара өтті.
Еліміздің егемендігі мен еркіндігін ұлықтауға арналған бұл күні ұстаздар мен оқушылардың жетістіктері ерекше аталып өтті. Іс-шара барысында білім мен тәрбие саласында табандылық танытып, түрлі жетістіктерге қол жеткізген мұғалімдер мен оқушылар марапатталып, алғыс хаттар мен медальдар табысталды. Сонымен қатар, оқушылар өздерінің өнерлерін ортаға салып, ән шырқап, би билеп, көркем өнер арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Мерекелік кеш елге деген мақтаныш сезімді арттырып, жас ұрпақтың бойына патриоттық рух пен бірлік құндылықтарын сіңіре білді.
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік – халқымыздың ең қастерлі құндылығы, азат елдің айқын болашағы.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк байрағымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Баршаңызға зор денсаулық, бірлік, бейбіт өмір мен толағай табыстар тілейміз!
https://www.instagram.com/reel/DSUIby7jKwS/?utm_source=ig_web_copy_link