06
желтоқсан
2025
Қалалық волейбол турнирі
2025 жылдың 6 желтоқсан күні «Жанұя» кешенінде педагогикалық интернат ұйымдары қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған қалалық волейбол турнирі өтті. Аталған додаға 10 команда қатысып, олардың ішінде КММ «№7 арнайы мектеп - интернаты» мектебі абыройлы өнер көрсетіп, III орынға ие болды!
Бұл — тек жарыс емес, нағыз спорт мерекесі болды. Педагогтар өз кәсібилігімен қатар, жеңіске деген жігерін, бірлігін және командалық рухын көрсете білді. Әрбір матч тартысты, динамикалық жағдайда өтіп, ойыншылар өз мүмкіндіктерінің шегіне дейін өнер көрсетті. Мектеп намысын қорғаған ұстаздар:
* Усенбаев Тимур Ерденович
* Юлдашев Халмурат Шарипжанович
* Бекбосын Күндыз Айдынқызы
* Әузбекова Камила Серікқызы
* Базарбай Олжас Арыстанұлы
* Бейсейтов Ерболат Манатұлы
* Едіге Нияз Ғалымжанұлы.
Ал бізді рухтандырып, команданы қолдаумен қанаттандырған Қолдау тобына ерекше алғыс білдіреміз:
Олеся Александровна, Анар Ербосыновна, Гүлмира Уразалиевна — сіздердің қолдауларыңыз жеңіске деген сенімді күшейтті! Жүлделі үшінші орын — бұл үлкен еңбектің, ауызбіршіліктің және спортқа деген сүйіспеншіліктің жемісі. Біз педагогтарымызбен мақтанамыз және оларға алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз
Біздің ұстазымыз Базарбай Олжас Арыстанбекұлы - ең үздік волейболшы атағына ие болды.