Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 арнайы мектеп-интернат»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 229-13-09
Есепші бөлімі:
+7 (727) 300-66-05
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қалалық инклюзивті ойындар
13
наурыз
2025

Қалалық инклюзивті ойындар

Алматы қаласы Білім басқармасы “Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының” ұйымдастыруымен “Қалалық инклюзивті ойындар” ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Жарыс нәтижесі N7 арнайы мектеп-интернаты құрама командасы командалық есеппен жүлделі 1-орынды ұтып алды.
“Бес асық” жарысынан:
Командалық сайыста Октябрьева Шахзода, Енсебаева Арай, Бейсенқызы Алия үлкен топ арасында командалық есеппен 1-орынды иеленді. Кіші топ арасында: Мухкар Гулноза 1-орын, Мухкар Шахноза 2-орын, Мақұлбек Малика 3-орынды иеленіп қоржынға салса, “Асық ату” спорт түрінен үлкен топ арасында командалық есеппен Садырқұл Ануар, Тохтияров Мухамед және Назарбек Диас 1-орынды иеленді. Кіші топ арасында Балтыкен Асылхан, Саутов Бекет және Енгел Арслан қоржынға командалық 1-орын иеленіп мерейімізді асқақтатты. Дайындаған жаттықтырушылар: Имаш Айнұр, Усенбаев Тимур, Максым Ерғалым.


 https://www.instagram.com/reel/DHaTj9pSYO5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==