Жаяу туризм техникасы бойынша «Алтын күз-2025» атты қалалық жарыс
11 қазанда Алматыда жаяу туризм техникасы бойынша «Алтын күз-2025» атты қалалық жарыс зор серпінмен өтті! Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен өткен бұл сайысқа қаланың ең батыл, епті және төзімді жасөспірімдері жиналып, күрделі қашықтықта өз шеберліктерін дәлелдеуге тырысты. Ауа райы қатысушыларға нағыз күзгі күнді сыйлағанымен, салқын самал да, қиын кезеңдер де жас спортшылардың жігерін жасыта алмады. Балалар келесідей кезеңдерден өтуде жылдамдық пен дұрыстық бойынша сынға түсті: