Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
№7 арнайы мектеп-интернатында Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекеге мектеп ұжымы, оқушылар және қонақтар белсене қатысып, ортақ қуаныш пен шаттық атмосферасын құрды. Мектеп ауласы мен залы ұлттық нақышта безендіріліп, көркемдік сәнге бөленді. Оқушылар дәстүрлі қазақ киімдерін киіп, ән айтып, би биледі, сондай-ақ халқымыздың әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін сахналық қойылымдар арқылы көрсетті. Дәстүрлі тағамдар ұсынылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды.