Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 арнайы мектеп-интернат»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 229-13-09
Есепші бөлімі:
+7 (727) 300-66-05
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » VII қалалық Педагогикалық оқулар
07
сәуір
2025

VII қалалық Педагогикалық оқулар

Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 5 қаңтары мен 1 сәуірі аралығында “ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы” тақырыбында VII қалалық Педагогикалық оқулар табысты өткізілді.

Аталған шығармашылық байқау — заманауи педагогтің кәсіби шеберлігін, инновациялық ойлауын және ұлттық құндылықтарға деген көзқарасын айқындайтын маңызды алаңға айналды.

Педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орын иегерлері атанған ұстаздарымыз — Буфенова Салиха Тлебекқызы мен Лобанова Наталья Александровна — өздерінің кәсіби біліктілігін, тың идеялары мен әдістемелік ізденістерін жоғары деңгейде дәлелдей білді.