Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 арнайы мектеп-интернат»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 229-13-09
Есепші бөлімі:
+7 (727) 300-66-05
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік іс-шара
06
мамыр
2026

Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік іс-шара

№7 арнайы мектеп-интернатында Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Аталған шараға Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясының бастығы, генерал-майор Поливанов П.К.-ның курсанттары арнайы келіп қатысты.
Курсанттар оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, патриоттық әндер орындады. Домбырамен әсем ән шырқап, жүрекжарды тілектерін білдірді. Олардың өнері мен жылы лебіздері жас ұрпаққа ерекше әсер қалдырды.
Іс-шара барысында Отанға деген сүйіспеншілік, ел қорғаудың маңыздылығы насихатталып, оқушылардың патриоттық рухы нығая түсті.
Мерекелік шара жоғары деңгейде өтіп, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


 https://www.instagram.com/reel/DYAU1amsDWj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==