Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 арнайы мектеп-интернат»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 229-13-09
Есепші бөлімі:
+7 (727) 300-66-05
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сәуір
2026

Қош келдің, әз-Наурыз!

Бүгін, 2026 жылғы 1 сәуірде мектебімізде көктемнің шуағымен үндескен «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекеге Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ветеринария факультетінің студенттері, Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ Алматы қалалық Өнер мектебінің шәкірттері арнайы келді. Профессорлар Киркимбаева Ж.С., Мықтыбаева Р.Ж., Ермагамбетова С.Е., Орынтаев Қ.Б. бастаған ұстаздар қауымы оқушыларға жүрек жарды тілектерін арнады.
Көктемдей көңілге жылу сыйлаған қонақтар әсем ән шырқап, өнерлерін паш етіп, мектеп оқушыларына сыйлықтар табыстады. Шара барысында балалардың жүзінде қуаныш нұры ойнап, мерекелік көңіл күй орнады.
Бұл кездесу оқушыларға ерекше әсер сыйлап, ұлттық құндылықтарды дәріптеген тағылымды әрі әсерлі сәтке айналды.



https://www.instagram.com/reel/DWs1Qu1DM71/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==