Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 арнайы мектеп-интернат»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 229-13-09
Есепші бөлімі:
+7 (727) 300-66-05
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 12.05.2026
Таза ауада сергіту ойындары
12
мамыр
2026
Таза ауада сергіту ойындары
Таза ауа төрінде шат күлкі мен қуаныш үндесті. Мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдері ұйымдастырған сергіту ойындары оқушыларға ерекше әсер сыйлап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Табиғат аясында өткен әр ойын балалардың бойына сергектік пен жігер ұялатып, достық пен ұйымшылдықтың қадірін сезіндірді. Балалардың шат дауысы мен қуанышты сәттері — осы күннің ең әсем көрінісі болды.
Жылыжайда балалармен көшеттерді отырғызу
12
мамыр
2026
Жылыжайда балалармен көшеттерді отырғызу
Көктемнің шуақты күндерінде жылыжайда балалармен бірге өсірілген дайын көшеттерді отырғызу және өсімдіктерге күтім жасау жұмыстары қарқынды жүргізілді. Бұл игі іске жоғарғы сынып оқушылары белсенді қатысып, табиғатқа деген жанашырлықтарын көрсетті. Олар кіші сынып оқушыларына бағыт-бағдар беріп, бірлесе еңбек ету арқылы ұйымшылдықтың үлгісін танытты. Бірлесе атқарылған еңбек нәтижесінде оқушылар жасыл желекті көбейтіп, табиғатты аялаудың маңызын терең түсінді. Үйірме жетекшісі: Ерманова Ж.А.