Республикалық «Жарық Жұлдыз» балалар өнер байқауы
Бүгін, 15.11.2025 ж., мектебіміздің талантты оқушысы, 10 “Б” сыныбының оқушысы Диас Төлепберген Х Республикалық «Жарық Жұлдыз» балалар өнер байқауында тамаша өнер көрсетіп, «Вокал» номинациясы бойынша Бас жүлдені жеңіп алды! Бұл жарқын жеңіс — оның еңбегі, таланты және музыкалық жетекшісі Бахтыбаева Назым Сайлаубайқызының қолдауының нәтижесі. Жеңісіне орай Диасқа Түркияға екі адамға арналған жолдама табысталды. Біз оның жетістігіне шын жүректен қуанып, шығармашылық жолында жаңа белестер