Үстел теннисінен жарыс
“Алматы” спорт клубының ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Мұндай спорттық іс-шаралар оқушылардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың зейінін дамытуға және әлеуметтік бейімделуіне оң ықпал етеді. Жарысқа біздің мектебіміздің оқушылары да белсене қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Олар жүлделі орындарға ие болып, қарсыластарынан оза шауып, мектебіміздің мәртебесін асқақтатты.