Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 арнайы мектеп-интернат»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 229-13-09
Есепші бөлімі:
+7 (727) 300-66-05
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жеңіл атлетика» спорт түрінен инклюзивті қалалық ойындар өтті.
14
мамыр
2026

«Жеңіл атлетика» спорт түрінен инклюзивті қалалық ойындар өтті.

14 мамыр күні, қаламызда «Жеңіл атлетика» спорт түрінен инклюзивті қалалық ойындар жоғары деңгейде өтті. Аталған жарысқа мектебіміздің оқушылары да белсене қатысып, өз шеберліктері мен табандылықтарын дәлелдеп, жүлделі орындармен оралды.
Атап айтқанда, ұлдар арасында 50–100 метр қашықтыққа жүгіруден Жүсіпназаров Абумансур үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді. Ал қыздар арасында дәл осы қашықтық бойынша Бейсенқызы Алия ІІІ орынның иегері атанды.
Кіші топтар арасында да оқушыларымыз жоғары нәтижелер көрсетті. Ұлдар арасында 30–60 метр қашықтыққа жүгіруден Сауытов Бекет жүлделі ІІ орынды иеленсе, қыздар арасында 30–60 метр қашықтықта Мухкар Шахноза ІІІ орынға лайық деп танылды.
Сонымен қатар, үлкен және кіші топтар арасындағы эстафеталық сайыстарда мектебіміздің командасы жүлделі І және ІІ орындарды жеңіп алды.
Жарыс барысында оқушыларымыз өздерінің қайсарлықтарын, жігерлерін және спортқа деген ынталарын айқын көрсетіп, мектебіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты.



https://www.instagram.com/reel/DYUWb5iMshC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==