Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 арнайы мектеп-интернат»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 229-13-09
Есепші бөлімі:
+7 (727) 300-66-05
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қалалық инклюзивті ойындар
18
наурыз
2026

Қалалық инклюзивті ойындар

Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының» ұйымдастыруымен «Қалалық инклюзивті ойындар» аясында «Бес асық» және «Асық ату» ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізілді. Жарыс нәтижесі бойынша №7 арнайы мектеп-интернатының құрама командасы командалық есепте жүлделі орындарға ие болды.
Аталған жарыста оқушылар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылықтарын дәлелдеді. Команда мүшелері ептілік, мергендік және шапшаңдық қасиеттерін танытып, үздік нәтиже көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және марапаттармен марапатталды.


https://www.instagram.com/reel/DWBmHEODCUA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==