14
наурыз
2024
"Бес асық", "Асық ату" ұлттық ойын түрлерінен қалалық инклюзивті ойындары
14.03.2024 ж. №9 арнайы мектеп-интернаты базасында Алматы қаласы Білім басқармасы "Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының" ұйымдастыруымен "Бес асық", "Асық ату" ұлттық ойын түрлерінен қалалық инклюзивті ойындары өтті. Бұл қалалық жарыста №7 арнайы мектеп-интернатының оқушылары спорттық шеберліктерін көрсетіп командалық есепте олжалы болып, бас жүлдені иеленді.