Турнир «Seni Cup»
Алматы қаласында «Қазақстандық Специальды Олимпиада» ұйымдастыруымен Регионалдық турнир «Seni Cup» мини футбол жарысы өткізілді. Турнирге әр өңірден келген командалар қатысып, өзара күш сынасты. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәжірибе алмасуға, шеберліктерін шыңдауға үлкен мүмкіндік берді. Ойын барысында біздің жас спортшылар ерекше белсенділік танытып, жақсы ойын өрнегін көрсетті. Әрбір матч тартысты өтті, балалар бір-біріне қолдау көрсетіп, командалық рухтың мықтылығын дәлелдеді.