Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 арнайы мектеп-интернат»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 229-13-09
Есепші бөлімі:
+7 (727) 300-66-05
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
қыркүйек
2025

Турнир «Seni Cup»

Алматы қаласында «Қазақстандық Специальды Олимпиада» ұйымдастыруымен Регионалдық турнир «Seni Cup» мини футбол жарысы өткізілді. Турнирге әр өңірден келген командалар қатысып, өзара күш сынасты. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәжірибе алмасуға, шеберліктерін шыңдауға үлкен мүмкіндік берді.
Ойын барысында біздің жас спортшылар ерекше белсенділік танытып, жақсы ойын өрнегін көрсетті. Әрбір матч тартысты өтті, балалар бір-біріне қолдау көрсетіп, командалық рухтың мықтылығын дәлелдеді. Нәтижесінде, «Жастар» командасы І орынға🥇,ал «Болашақ» командасы ІІІ орынға 🥉ие болды. Бұл – олардың табандылығы мен еңбектерінің жемісі.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар, Назарбек Диас үздік гол соғушы атанып, арнайы кубокқа ие болды. Бұл жетістік жас спортшыларымызға жаңа серпін беріп, алдағы жарыстарға ынталандыра түсті. В городе Алматы при поддержке «Казахстанской Специальной Олимпиады» был проведён Региональный турнир «Seni Cup» по мини-футболу. В соревнованиях приняли участие команды из разных регионов, которые продемонстрировали своё мастерство и соперничали друг с другом. Турнир прошёл на высоком уровне и стал отличной возможностью для обмена опытом и совершенствования спортивных навыков.
Во время игр наши юные спортсмены проявили особую активность и показали красивый, содержательный футбол. Каждый матч проходил в напряжённой борьбе, а ребята поддерживали друг друга и доказали силу командного духа. В итоге команда «Жастар» заняла I место🥇,а команда «Болашақ» — III место🥉.Это стало заслуженным результатом их упорства и труда.
Победители были награждены ценными призами, медалями и грамотами. Кроме того, Назарбек Диас ученик 10а класса был признан лучшим бомбардиром турнира и получил специальный кубок. Это достижение стало новым стимулом для наших спортсменов и вдохновило их на дальнейшие победы.


 https://www.instagram.com/reel/DO52gGfjIy6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==