Мұғалімдердің жетістіктері. Достижения педагогов. » Алматы қаласы Білім басқармасының "№7 арнайы мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 арнайы мектеп-интернат»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 229-13-09
Есепші бөлімі:
+7 (727) 300-66-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мұғалімдердің жетістіктері. Достижения педагогов.
11
қаңтар
2021

Мұғалімдердің жетістіктері. Достижения педагогов.

Қазақ халқының рухани көсемі, барша иісі, қазақ мақтан ететін ойшыл да, сыршыл, данышпан Ұлы ғұлама ақынымыз Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына,  Бостандық ауданы  «Ұстаздар» кәсіподақ  ұйымының ұйымдастыруыменен өткен «Абай әлемі» атты онлайн қалалық байқауға №7 арнайы (түзету) мектеп-интернатының майталман ұстаздары өз таланттарын көркемдік жағынан паш етті! Аталып отырған мерейлі байқауға қатысқан ұлағатты ұстаздар; Мұғалім-дефектолог Кокебаева Аида Алымжанқызы Абайдың  «Күз»  өлеңін мәнеріне келтіріп, төрт мезгілдің ішіндегі ең кереметі-күзді суреттеп жеткізе білгені үшін Аудандық онлайн-байқауының 3-орын иегері атанып, дипломымен марапатталды.
 
№7 мектеп-интернатының мұғалім-дефектологы: Өмірбекова Қарақат Арипхановна  Абайдың «Желсіз түнде жарық ай!» әнін аккордеонға салып, қоңыр дауыс ырғағымен шырқап осы байқауға белсенді ат салысып, қатысқаны үшін Аудандық онлайн-байқауының дипломымен марапатталды!
№7 мектеп-интернатының Музыкалық жетекшісі: Қарабалаев Данияр Токбаулович Абай Құнанбайұлының «Сегіз аяқ» әнін жоғары деңгейде нақышына келтіріп орындағаны үшін Аудандық онлайн-байқауының дипломымен марапатталды!