Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 арнайы мектеп-интернат»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 229-13-09
Есепші бөлімі:
+7 (727) 300-66-05
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сенің жетістігің — ұстаздар еңбегінің, ата-анаңның қолдауы
17
қазан
2025

Сенің жетістігің — ұстаздар еңбегінің, ата-анаңның қолдауы

Сенің мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басып жатқан тұста шын жүректен құттықтаймыз! Жуырда өткен халықаралық конгрессте өз дарыныңмен, еңбекқорлығыңмен көзге түсіп, кофе дайындау өнерің арқылы мектеп абыройын асқақтатып, бізді зор қуаныш пен мақтанышқа бөледің.

Сенің жетістігің — ұстаздар еңбегінің, ата-анаңның қолдауының және сенің өзіңнің табандылығың мен ізденімпаздығыңның нәтижесі. Осы күнге дейін алған білім мен тәрбиені алдыңа қойған асыл армандарыңды жүзеге асыру жолында серік етіп келе жатырсың!!!

Алда әлі талай белестер, тың мүмкіндіктер бар. Тек алға ұмтылып, өз жолыңды адаспай тапқаныңды, еліміздің жарқын болашағына үлес қосатын азамат болғаныңды тілейміз.

Біліммен сусындаған жүрек, еңбекпен шыңдалған мінез – сені биікке жетелесін!

Әр ісің сәтті болсын, Темірлан!

Ізгі тілекпен: № 7
мектеп - интернат ұжымы


https://www.instagram.com/reel/DP6xDmmDPNt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==