Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 арнайы мектеп-интернат»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 229-13-09
Есепші бөлімі:
+7 (727) 300-66-05
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
наурыз
2026

Жылыжайдағы әрбір іс

Бүгін бітіруші сынып оқушылары жылыжайда өсірілген өнімдерді жинау жұмыстарына белсене қатысты. Оқушылар өз еңбектерінің жемісін көріп, әрбір өнімді ұқыптылықпен жинап, табиғатпен етене байланыс орнатты.
Жиналған өнімдер мектеп асханасына тарту етіліп, оқушылар еңбегінің нәтижесі игі іске бағытталды. Бұл – еңбектің қадірін түсініп, ортақ іске үлес қосудың жарқын үлгісі.
Аталған шара «Жасыл мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылып, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатты аялауға және еңбекке баулуға бағытталған. Үйірменің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа қоршаған ортаға деген жауапкершілікті сезіндіру, табиғатты қорғау дағдыларын дамыту және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Жылыжайдағы әрбір іс – оқушылардың ұйымшылдығы мен табиғатқа деген сүйіспеншілігінің айқын көрінісі.
Жас түлектеріміздің еңбегін қолдап, пікірлеріңіз бен лүпілдеріңізді аямаңыздар
Үйірме жетекшісі: Ерманова Ж.А

https://www.instagram.com/reel/DXS6nU6CJph/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==