02
сәуір
2025
Халықаралық турнир
Жақып Мади Халықаралық турнирде Қазақстанға қола медаль әкелді.
№ 7 мектеп - интернаттың 10 сынып оқушысы Жақып Мади - Финляндияның Эспоо қаласында өткен 2025 Virtus Open European Athletics Indoor Championships жарысында ел намысын қорғап, қола медальға ие болды.
Интеллектуалды даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында ұйымдастырылған бұл беделді дода Kameleonten спорт кешенінде өтті. Жарысқа 13 елден 200-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Мади 400 метрге жүгіру (II3) жарысында жоғары нәтиже көрсетіп, үздік үштікке енді. Ол өз жетістігі арқылы Париж Паралимпиадасының жүлдегерлерімен тең дәрежеде бәсекеге түсіп, Қазақстанның атын халықаралық аренада тағы бір мәрте танытты.
Мектебіміздің оқушысы Жақып Мадидің бұл жеңісі – оның қажырлы еңбегі мен табандылығының дәлелі. Болашақта ол бұдан да биік белестерді бағындыратыны сөзсіз.