20
қараша
2024
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы
Алматы қаласы Білім басқармасының «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ және №3 Оқушылар үйінің «Өлкетану және әлеуметтік туризм» туристік-өлкетану клубының, бірлескен оқу-тәрбие жоспары негізінде мектебіміздің 9”а”, 9”г” сынып оқушылары ҚР орталық мұражайына барды. Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де, кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек дегендей , оқушылар Халқымыздың ежелгі қол өнерлерімен, салт дәстүрлерімен танысып, өткен тарихымызға шолу жасап, білімдерін кеңейтті.







