Ұлыстың ұлы күні – Наурыз » Алматы қаласы Білім басқармасының "№7 арнайы мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 арнайы мектеп-интернат»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 229-13-09
Есепші бөлімі:
+7 (727) 300-66-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
наурыз
2024

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз

«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мейрамына орай наурыз айының 19 күні мектебімізде мерекелік іс - шара өтті. Мерекелік іс - шараға Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған “Алматы” спорт клубының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Ұзақова Ақбота, спорт нұсқаушылары:
Қасымбеков Ұлан
Қасымов Ғани наурыз мейрамымен құттықтады. Балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылық сезімдерін оятып, түрлі ойындарды көрсетті. Атсалысқан оқушылар мен сыныптарға бағалы сыйлықтар табысталды. 
Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Жаңа жылда еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әр отбасымызда шат көңіл мен бақыт, береке салтанат құрсын!
https://fb.watch/qWw5-XcuKE/