02
маусым
2023
Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті базасында қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі.
02.06.2023ж. Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті базасында біздің мектеп-интернатымыздың оқушыларының жасаған қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 8 «А» сынып оқушылары: Исмайлова Аяулым, Қанат Әлібек және 6 «Б» сынып оқушысы Долбин Вадим ата-аналарымен бірге қатысты. Белсенділік танытқандары үшін оқушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Еңбектеріңіз жемісті болғай!