Ардагерлерді ардақтайық » Алматы қаласы Білім басқармасының "№7 арнайы мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 арнайы мектеп-интернат»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 229-13-09
Есепші бөлімі:
+7 (727) 300-66-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ардагерлерді ардақтайық
13
қазан
2023

Ардагерлерді ардақтайық

“AMANAT” партиясының “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында #7 арнайы мектеп -интернатының ұстаздары Абиров Енгебай қарияны қарттар күнімен құттықтап қайтты.
Енгебай ата ерте жастан білімге құштар болып өскен екен. Есеп-қисапқа жақсы болғандықтан, өмір жолын есепші мамандығынан бастаған.
1946 жылдан бастап Көлсай ауылында лесник, бригадир , магазин ұстаған.
1962 жылдан бастап Энгельс совхозында өз мамандығы бойынша зоотехник болып, 30 жыл қызмет атқарған.
1992 жылы зейнетке шыққан
Енгебай ақсақал қазіргі таңда 87 жасты алқымдаған қария. 6 қыз, 2 ұл өсіріп, тәрбиелеген.
Ұл-қыздары елге еңбек еткен дәрігерлер мен мұғалімдер.
Осы ұл-қыздан 21 немере 17 шөбере сүйген бақытты ата.
Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Үлкендерімізді құт-береке деп танысақ- ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты!