Спорт біздің досымыз
Спорт біздің досымыз, Күш қайратпен сынаған! Спорт біздің досымыз, Бала кезден шыңдаған! Денсаулықты сақтау, спортқа деген қызығушылықты арттыру, ата-аналармен балалардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында N7 мектеп-интернатының 6-7 сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен “Әкем, шешем және мен, спортшымыз шетінен” атты эстафета ойындары өтілді. Денсаулықтың кепілі салауаттылық. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет!