23
ақпан
2024
Қалалық сейсмикалық жаттығу
2024 жылғы 23 ақпанда Алматы қаласы Білім басқармасының "№7 арнайы мектеп - интернаты" КММ-де жалпы қалалық сейсмикалық жаттығу ұйымдастырылып , өткізілді. Сейсмикалық жаттығулар басталғанға дейін "дабыл чемоданы" дайындалып, қауіпсіз жерге эвакуациялау бағыты анықталды. Біздің аумақта мұндай орын ғимараттардан , электр желілерінен және ірі ағаштардан алыс орналасқан ашық алаң болып табылады. Дабыл сигналы бойынша , сағат 10:00-де біздің мектептің барлық қызметкерлері мен оқушылары ұйымдастырылған тәртіппен жақын маңдағы қосалқы шығу есіктері арқылы мектептен шыға бастады. Мұғалімдер алдын-ала оқушылармен дабыл сигналы естілген кезде олардың психологиялық көңіл-күйі бойынша жұмыс жүргізді. Ғимараттан шыққаннан кейін барлық сыныптар қауіпсіз жерде болды. Әр мұғалімнің қолында сынып журналы болды, тізімге сәйкес барлық оқушылар тексерілді. Объектілік жалпықалалық сейсмикалық жаттығулар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ұсынған алгоритм бойынша қатаң түрде өткізілді және оның барлық қатысушыларында өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша ең қажетті шеберлікті қалыптастыруға оң әсер етті.
https://fb.watch/qLImtIW2q5/