“Жұлдызай - 2023” спорттық ойындары » Алматы қаласы Білім басқармасының "№7 арнайы мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 арнайы мектеп-интернат»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 229-13-09
Есепші бөлімі:
+7 (727) 300-66-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Жұлдызай - 2023” спорттық ойындары
22
қыркүйек
2023

“Жұлдызай - 2023” спорттық ойындары

19.09.2023ж-22.09.2023ж аралығында Астана қаласы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек стадионында өткен Ұлттық инклюзивті “Жұлдызай” ойындары-2023 спорттық ойындар сайысында біздің мектебімізден көптеген оқушыларымыз қатысып, жүлделі орындарға ие болып келді. Айта өтер болсақ, 8”А”-сынып оқушысы Садырқұл Ануар “Асық ату” ойынынан жүлделі 1-орын “Алтын медаль”, “Үстел теннисі” ойынынан 6”В”- сынып оқушысы Балтыкен Асылхан жүлделі 2-орын “Күміс медаль”, 6”Б”-сынып оқушысы Мухкар Гүльноза жүлделі 2-орын “Күміс медаль” алып марапатталды️ және де “Үстел теннисі” ойынынан көптеген номинациялармен 9”В”-сынып оқушылары Исеев Ясын, Октябрьева Шахзода, 9”Б”-сынып оқушысы Зязин Владислав, 8”Г”-сынып оқушысы Коваленко Виктория, 6”Б”-сынып оқушысы Мухкар Шахноза, 5”Б”-сынып оқушысы Саутов Бекет жеңіске жігері үшін марапатталды! Бұл тамаша жеңісті зор қуанышпен қабылдадық. Жалпы командалық есепте Алматы қаласы 1-ші орын иеленді!