Семинар психология ғылымдарының докторы, Мәскеу психоанализ институтының профессоры Мазурова Надежда Владимировна өткізді. » Алматы қаласы Білім басқармасының "№7 арнайы мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№7 арнайы мектеп-интернат»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 229-13-09
Есепші бөлімі:
+7 (727) 300-66-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Семинар психология ғылымдарының докторы, Мәскеу психоанализ институтының профессоры Мазурова Надежда Владимировна өткізді.
29
қыркүйек
2023

Семинар психология ғылымдарының докторы, Мәскеу психоанализ институтының профессоры Мазурова Надежда Владимировна өткізді.

2023 жылы 28-29 қыркүйекте Алматы қаласында "Тұран" лицей мектебінің базасында Қазақстанның барлық өңірлерінің білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандары үшін оқыту өтті. Оқыту семинарын психология ғылымдарының докторы, Мәскеу психоанализ институтының профессоры, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің отбасы және балалық шақ психологиясы кафедрасының профессоры, ДДҰ-ның HBSC бағдарламасындағы отбасы мәселелері жөніндегі сарапшысы Мазурова Надежда Владимировна өткізді. Оқыту барысында аутизмі бар балаларға арналған жаңа Дэльфу әдістемесін ұсынды және "Даму бұзылыстары: себептері, диагностикасы, болжамдары, түзетудің тиімді бағыттары" тақырыбына егжей-тегжейлі тоқталды.
Бұл оқытуды "Ls DAMU" ҚҚ "Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" РММ қолдауымен ұйымдастырды.
Оның негізгі қызметі мүгедектігі бар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруға үйрету, әрі мамандарымызға оқытудың, диагностика, түзету және оңалту саласындағы инновациялық әдістерге дағдыландыруға бағытталған.